Менің отбасым
Хех) уйден бұрын жазған шығармамды тауып алдым. Бұны мен колледж оқып жүргенде жазғанмын, қателеспесем. Жауқазын деген әпкем көмектескен болатын жазуға. Ештенені өзгертпей туп нұсқасын жазамын.. ал бастадым!.. ;)
Біздің отбасымыз Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында қоныстанған. Руымыз Найман. Найманның ішінде Төртуыл, Төртуылдың ішінде Тоғыз деген ел боламыз.
Мен шығармамды үлкен атам Ахмет деген кісіден бастағым келіп отыр. Менің отбасымның айтуы бойынша ол кісі өте денелі, бойшаң болған және өте қатал болған. Ол сол кезде бай отбасынан шыққан және өте білімді адам болыпты. Ахмет атаның алты ұлы болған. Ал мен сол Ахметтің улкен ұлы атам Мамырдың қолында өсіп, тәрбиелендім. Менің әкемнің аты Болат. Мені кішкене кезімнен апам мен атам бағып-қақты. Біз ол кісілерді өті жақсы көреміз. Өкінішке орай ол кісілер қазыр бұл өмірде жоқ. Бірақ біз оларды үнемі есімізге алып, сағынып отырамыз.